"Благовещенка жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы "Балдәурен" шағын орталығында мектепке дейінгі ұйымдарына бармайтын және баратын ата- аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункті жұмыс жасайды.
▪Мақсаты: Ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық қолдау көрсету және балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту мәселелері бойынша педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру.
02.12 күні Дұрыс тамақтану сапасын бақылау және ДДҰНМ жоспары аясында мектеп, шағын орталық және интернат ішіндегі асханаларына Мектеп директоры Ж.Б. Бекенова, ТІЖ орынбасары А.Е. Калабаева әлеуметтік педагог Б.А. Абишева, А.С. Сабитова және мектеп медбикесі А.Т. Утенова бақылау жасады. Мәзір бойынша тамақ сапасын, мөлшерін тексерді. Сонымен қатар тағамдардың сақталуын, қажетті құжаттардың уақытылы толтырылуын тексерді.
05 қараша күні мектебімізде ұстаздар арасында "Ұлттық диктант" өткізілді. Негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама сауатты жазудың тек білім өлшемі ғана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік және тілге деген құрметтің көрінісі екенін білдіреді.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Еңбегі адал жас өрен» жобасының аясында Қазанның 30-ы күні Кәсіптік бағдар беру жұмысын нығайту мақсатында 9 – сынып оқушыларымен аудандық Ішкі істер бөліміне экурсияға бардық. Оқушыларға профилактикалық ақпаратты полиция және прокуратура қызметкерлері таныстырды. Сонымен қоса ІІБ мұражайын, атқаратын жұмыстарын көрсетіп, оқушыларға пайдалы ақпаратпен бөлісті.
Адал азамат біртұтас тәрбие және әкелер , аналар мектебі жоспары аясында 25 қазан Республика күніне орай ұстаздар мен ата - аналар арасында волейбол жарысы өтті. Жарыс өтте тартысты болды. Келген аналар мен әкелер ойынды қыздыра түсті. Спортқа деген қабілеттері мен қызығушылықтары зор екенін көрсетті. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталды.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Еңбегі адал жас өрен» жобасының аясында Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша мектептің бірінші қабатының дәлізінде «Оқуға қайда түсемін?» стенді орнатылды. Оқушылар СҚО бойынша жоғары оқу мен колледждер тізімі, Қазақстандағы шетелдік университеттер филиалдары және Қазақстан бойынша ЖОО тізімінің сілтемесін алып, танысты. Сонымен қатар мамандық таңдаудағы дұрыс жолды анықтау жайында ақпаратпен танысып, білді.
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы және "Еңбегі адал жас өрен" жобасының аясында Қазанның 15-і күні 11 сынып оқушыларымен бірге ата-аналар жиналысын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.М. Сагдеева мен кәсіптік бағдар беруші М.Б. Нуртаева өткізді. Жиналыстың басты мақсаты оқушылар мен ата-аналарды алдарында тұрған сынақ ҰБТ, мемлекеттік емтихан ережелерімен таныстыру және кәсіптік бағдар беру аясында ата-аналар мен балаларға мамандық таңдау бойынша ақпарат пен жадынама таратып түсіндіру.