Мектебімізде "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру" мақсатында әкімшілік қызметкерлерімен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қажетті құжаттардың толық әрі дұрыс болуы, құжаттарды уақытылы қабылдау және тіркеу, қызмет алушыларға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер бойынша нормативтік-құқықтық актілер, стандарттар мен қағидалар талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Жауапты мамандарға құжаттарды рәсімдеу, есеп жүргізу және қызмет көрсету барысында туындайтын сұрақтар бойынша нақты нұсқаулар берілді.
Адал азамат біртұтас тәрбие аясында және “Заң және тәртіп” концепциясы бойынша 10 сәуір мектептегі құқықтық мәдениеттің бірыңғай күніне орай мектебімізде директордың тәрбие орынбасары Калабаева А. Е. “Заңды білу-заман талабы” тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушылардың құқықтары мен жауапкершіліктері туралы айтылды.
Мектебімізде 1-сыныпқа қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагдеева Д.М. 1-сыныпқа қабылдау тәртібі, қажетті құжаттар және өтініш беру мерзімдері туралы толық ақпарат берді.
Құрметті ата-аналар, қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мектеп әкімшілігіне хабарласуларыңызға болады.
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер
«Благовещенка жалпы орта білім беретін мектебі»КММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру саласында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Барлық мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімдерде және тегін көрсетіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне немесе eGov.kz сайтындағы «Білім беру» бөліміне жүгінуге болады.
13 наурыз Адал азамат біртұтас тәрбие аясында және АПҚО бойынша “ Ақыл айтпа жол көрсет” тақырыбында жалпы мектепішілік жиналыс өтті. Күн тәртібі бойынша директордың тәрбие орынбасары Калабаева А. Е. Жиналысты ашып, ата -аналарға балаға ақыл айтпай, отбасында үлгі болуға кеңес берді. Сонымен қатар күн тәртібі бойынша Оқу ісінің орынбасары Сагдеева Д. М. Психолог Шамилова Б. А. Әлеуметтік педагог Сабитова А.С кәсіптік бағдар беруші ұстаз Нуртаева М. Б. Күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша баяндама жасады. Кейін ата- аналар пән мұғалімдерімен жеке кездесіп балаларының сабақ үлгерімдері бойынша ақпарат алды.
Адал азамат біртұтас тәрбие аясында “қаңтар айы “Заң және тәртіп” құндылығы бойынша айлық жоспарға сәйкес 8 қаңтар ашылуы өтті. Директордың тәрбие орынбасары Калабаева А. Е. құқықтық тәрбие жоспары бойынша оқушыларды таныстырды. Сонымен қатар оқушылардың құқығы мен жауапкершілігі туралы ашып айтты. Жамбыл ауданы полиция бөлімі ҚҚБ УПИ полиция капитаны Құрманов Мейрбек Мерекеевич құқық бұзушылықтың алдын алу үшін кеңестер берді. Заң және тәртіп жоспары аясында заңдармен таныстырып, жолда жүру ережесін сақтау басты міндеттері екенін айтты.