“Адал азамат “ біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025-2026 оқу жылында Кәсіптік бағдар беру мақсатында Благовещенка жалпы орта білім беретін мектебі “Атамекен-Агро” ұйымымен меморандумға тұрған болатын. Еңбекқорлық және кәсібибілік айында және Еңбек күніне орай мектеп оқушыларын егін шаруашылығымын таныстыру үшін ұйымның жұмыс орындарына барып қойма, әртүлі техникаларды, авто-тұрақтарын көріп, таныс емес мамандықтар жайында жаңа ақпарат алып, ауыл шаруашылығының жұмысы жайында тереңірек мәлімметтер алды.
25 қыркүйек мектебімізде директор жанында отырыс болды. Күн тәртібінде: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауы туралы мектеп директоры Бекенова Ж.Б. баяндады. Жолдауда білім сапасын арттыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мәселесіне ерекше назар аударылғанын айтты. Бұл — мектеп оқушыларының заманауи білімге қол жеткізуін қамтамасыз ететін қадам. Әсіресе ауыл мектептерін жаңа технологиялармен жабдықтау туралы бастама біз үшін аса маңызды. Екінші сөзді директордың тәрбие орынбасары Калабаева А.Е. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы құндылықтары мен жобалары толық ақпарат берді. Кейін жүйелік әкімші Исмагзумова Ж. Е BilimClass жүйесінің өзгерістерімен таныстырды.
22 қыркүйек “Адал азамат “біртұтас тәрбие аясында еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айында және Еңбек күні қарсаңына орай 1-5 “ Еңбекқорлық табыс кілті” және 6-11 сыныптарда “Болашақ маман иесі бүгінгі оқушы “ тақырыптарында сынып сағаттары мен қауіпсіз сағаттары өтті. Ең бастысы әр дүйсенбі сайын әнұран орындалады.
17 қыркүйек Адал азамат -біртұтас тәрбие бағдарламасы және Таза Қазақстан акциясы аясында мектебізде Экология фракциясының ұйысдастыруымен Ардагер ұстазлардың аллеясы атты челлендж ұйымдастырылды. Челленджге 2026 түлектер мен Ардагер ұстаздарымыз Рамазанов А.Ж. Идрисова Г. Т. Каменова А.Қ. қатысты. Мектеп ауласына 5 тал шырша ағашы егілді.
2 қыркүйек оқушыларымызбен сынып сағаттарынын алдында сергіту сәті өткізілді. Жас ерекшеліктеріне байланысты дене шынықтыру ұстаздары үш топқа бөліп өткізді. Бұл сергіту сәтін әр сейсенбі сайын өткізу жоспарланды.
2 қыркүйек “Мектебім- мейірім мекені” атты салтанатты жиыны өтті. Биылғы жылы 29 оқушы 1 сыныпқа қабылданып мектеп табалдырығын аттады. Мектеп директоры Бекенова Ж. Б. ата-аналар, ұстаздар, оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап , 2024-2025 оқу жылында үздік аяқтаған оқушылардың мадақтамаларын табыстады. Құрметті қонақтарымыз жанашыр , қамқор демеушіміз Абиева Ш. К мен орман шаруашылық қожалығының директор орынбасары Құтымбетов Н. Н. Оқушыларды құттықтап өз сыйлықтарын табыстады. Салтанатты жиын 1 сынып оқушыларының орындауында ән - бимен жалғасты. Іс - шара соңында алғашқы қоңырау үні соғылып, ата - аналар атынан аталарымыз батасын беріп үлкен өмірге ақ жол тіледі.