Мектебімізде "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру" мақсатында әкімшілік қызметкерлерімен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қажетті құжаттардың толық әрі дұрыс болуы, құжаттарды уақытылы қабылдау және тіркеу, қызмет алушыларға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер бойынша нормативтік-құқықтық актілер, стандарттар мен қағидалар талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Жауапты мамандарға құжаттарды рәсімдеу, есеп жүргізу және қызмет көрсету барысында туындайтын сұрақтар бойынша нақты нұсқаулар берілді.





