Коммунальное государственное учреждение «Благовещенская общеобразовательная школа»
Официальный интернет-ресурс

«ДЕМЕУ» балалық шақ мәселелерін үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеңіз» атты «BRAIN GAME» зияткерлік ойыны

Бүгін біздің мектептің білімді де алғыр оқушылары кезекті жеңістерімен қуантты! «ДЕМЕУ» балалық шақ мәселелерін үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеңіз» атты «BRAIN GAME» зияткерлік ойынында мектебіміздің командалары үздік нәтиже көрсетті.
Тартысты өткен додаға жалпы саны 5 команда қатысты. Оның ішінде Благовещенка ЖОББ мектебінен 3 команда бақ сынап, жүлделі орындарды иеленді:
🥇 1-орын: «Бірлік» командасы — тамаша дайындық пен топтық жұмыстың арқасында бас жүлдені жеңіп алды!
🥉 3-орын: “Антикор” командасы жүлделі үшінші орынға табан тіреді.
Ойын барысында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, құқықтық сауаттылық және логикалық тапсырмалар бойынша өз білімдерін дәлелдеп шықты.