Коммунальное государственное учреждение «Благовещенская общеобразовательная школа»
Официальный интернет-ресурс

6ә-сынып оқушылары облыс орталығы Петропавл қаласына танымдық экскурсияға барды

Мектебіміздің 6 «Ә» сынып оқушыларын география пәнінің мұғалімі, «Туризм» үйірмесінің жетекшісі А.Қ. Нуртаев пен сынып жетекшісі А.А. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен оқушылар облыс орталығы Петропавл қаласына танымдық экскурсияға барды. 🌍
Сапар барысында оқушылар:
📍 «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде болып, ұлы ханның өмірі мен тарихына қанықты.
📍 «Арт Ботай» галереясын аралап, ежелгі Ботай мәдениеті мен өнер туындыларымен танысты.
Мұндай шаралар оқушылардың туған өлке тарихына деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Саяхат өте әсерлі әрі қызықты өтті!