2 қыркүйек “Мектебім- мейірім мекені” атты салтанатты жиыны өтті. Биылғы жылы 29 оқушы 1 сыныпқа қабылданып мектеп табалдырығын аттады. Мектеп директоры Бекенова Ж. Б. ата-аналар, ұстаздар, оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап , 2024-2025 оқу жылында үздік аяқтаған оқушылардың мадақтамаларын табыстады. Құрметті қонақтарымыз жанашыр , қамқор демеушіміз Абиева Ш. К мен орман шаруашылық қожалығының директор орынбасары Құтымбетов Н. Н. Оқушыларды құттықтап өз сыйлықтарын табыстады. Салтанатты жиын 1 сынып оқушыларының орындауында ән - бимен жалғасты. Іс - шара соңында алғашқы қоңырау үні соғылып, ата - аналар атынан аталарымыз батасын беріп үлкен өмірге ақ жол тіледі.





