Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы
Бүгін мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу барысында оқушыларымыз күй тартып, би билеп, өнерлерін көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар апталықтың жоспарымен таныстырылып, алдағы іс-шаралардың мазмұны айтылды.
Осы онкүндік оқушыларға тілге деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге ықпал етеді деп сенеміз! 